СЫР СҤЛЕЙЛЕРІ ШЫҒАРМАЛАРЫН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУДА БЕЛСЕНДІ ЖӘНЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.82.2.014
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бүгінгі білім алушы қажетті білімді ӛз бетінше ала отырып, ӛзгермелі ӛмірлік жағдайларда икемді бағдарлай білуі, яғни, сыни тұрғыдан ойлай білуі, туындайтын қиындықтарды кӛре білуі, оларды ұтымды жеңу жолдарын іздей білуі; ақпаратпен сауатты жұмыс істеуі; коммуникативті болуы; ӛзінің интеллектін дамыту үшін ӛз бетінше жұмыс жүргізу тетіктерін жақсымеңгерген болуы керек. Осыған орай оқу үдерісіне инновациялық әдістерді қолдану ӛзекті мәселелер қатарында. Мақала сыр сүлейлері шығармаларын оқыту практикасына оқытудың инновациялық белсенді және интерактивті әдістерін енгізуді және онымен байланысты қиындықтармен шешілмеген міндеттерді қарастыруға арналған. Жұмыста мәселенің жай күйіне талдау жасалады және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау үрдісінде оқытудың аталған әдістерін қолдану жүйесін жетілдіру жолдарын ұсынуға тырысады.Интерактивті технологиялар білім беру процесінде субъектілердің қызметін жандандыруға және оларды дамытуға бағытталғандығы белгілі. Авторлар аталмыш технологиялардың педагог тарапынан ұйымдас-тырылған ӛзара іс-қимыл процесінде субъектілердің белсенділік дәрежесін қазіргі тәжірибемен салыстыру үшін атқаратын рӛлі мен маңызын сипаттайды. Олар «белсенді» және «интербелсенді» әдістері (формалары) терминдерінің айырмашылығы мен ұқсастықтарын зерделеген. Дегенмен, оқытудың «белсенді» және «интерактивті» әдістердің әртүрліішкі формалары бар, яғни олар әртүрлі құбылыстарды білдіруі керек. Оқытудың белсенді формалары негізінен мұғалімнің дайын білімді ұсынуына және оларды кӛбейтуге емес, белсенді танымдық іс-әрекет процесінде студенттердің білімді ӛз бетінше игеруіне бағытталған әдістер жүйесін қолдануды қамтиды. Олар білім алушының оқуға деген саналы кӛзқарасын, ӛз бетінше ойлауға, мәселені шешуге ӛз кӛзқарасын табуға, ӛз бетінше білім алуға деген ұмтылысын дамытуға бағытталған. Осы ойларды түйіндей келе «Сыр сүлейлері шығармаларындағы әдеби бейне және бейнелілік» тақырыбында элективті курсты ӛткізу барысында интербелсенді әдістерді қолдану әдістемесін ұсынады.