Аннотация
Қазіргізаманда тұлғаның жаңа қажеттіліктерінің алға шығуы оларды қайта бағалауды, жаңа кӛзқарас-тардың пайда болуын талап етеді. Заманауи қоғам мектеп оқушыларына әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдаужүйесін дамытуды қажет етеді.Ӛйткені, балалар мен жасӛспірімдер арасындағы құқық бұзушылық жағдайларының жиіленуі, «виртуалды» агрессияның таралуы жас ұрпақтың жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесінің алдыңғы буын құндылықтарынан (толеранттылық, қарым-қатынас мәдениеті, мұқтаж адамдарға кӛмекке келу ниеті, жанашырлық қабілеті) ерекшеленетінін кӛрсетеді. Бұл проблемаларды бейінді мамандар, соның ішінде әлеуметтік педагогтің кәсіби кӛмегінсіз шешу мүмкін емес. Мұнда кәсіби білім беру жүйесін ескере отырып, қоғамның ӛзекті қажеттіліктеріне сәйкес болашақ әлеуметтік педагогтерге қойылатын талаптардың логикасы қалыптастырылады. Болашақ әлеуметтік педагог динамикалық ақпараттық-педагогикалық кеңістікті бағдарлап, мектеп оқушыларын әлеуметтік тәрбиелеуде инновациялық техноло-гияларды пайдалана алуы керек. Кәсіби дайындығы болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби қалыптасуының маңызды құрамдас бӛлігі болып табылады. «Кәсіби табыстылық» түсінігінің түсіндірмелері маманның тұлғалық және кәсіби даму жағдайларының ӛзгеруі нәтижесінде үнемі толықтырылып, ӛзгеріп отырады. Кәсіби табыстылықты қалыптастыру үдерісі тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашуына, қоғамдық тануға қол жеткізуіне, ӛзін-ӛзі жүзеге асыруына бағытталған. Сондықтан адамның немесе адамдар тобының әлеуметтікбелсенділіктің кейбір саласында басқалардан ерекшелендіретін жоғары нәтижелерге қол жеткізуін табыстылық деп түсінуге болады. Отандық және шетелдік ғалымдардың кәсіби табыстылықтың мазмұндық сипаттамасын қарастырған ғылыми еңбектеріне талдау жасалынып, студенттер мен оқытушылардың «кәсіби табыстылық» ұғымын қалай түсінетіні жӛніндегі сауалнаманың нәтижелері ұсынылады.