БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ИНДУКТИВТІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.79.2.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Математикалық индуктивті ойлау бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой қабілеттеріндамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл оларға мектепте және өмірде алған білімдерін жалпылауға және жүйелеуге мүмкіндік береді. Бұл мақалада біз бастауыш сынып оқушыларында математикалық индуктивті ойлаудың даму ерекшеліктерін қарастырамыз және бұл процесте оларға қандай әдістер мен тәсілдер көмектесетінін анықтаймыз. Шетелдік зерттеулер мен озық тәжірибелерді қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының математикалық индуктивті ойлау қабілеттері зерттеледі. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін жетілдіру үшін елімізде индуктивті ойлау қабілетін зерттеу әдістерін әзірлеу өзекті болып табылады. Біздің мақсатымыз -Қазақстан мектептерінің бастауыш сынып оқушыларында индуктивті ойлауды анықтауға арналған тестті стандарттау. Біз зерттеу жұмысымыздың мақсатына сүйене отырып, бастауыш мектеп оқушыларының математикалық индуктивті ойлау деңгейін анықтау үшін М. Липпманның «логикалық заңдылықтар» тесті мен А.З. Зактың «арифметикалық тапсырмалар» әдісін қолдандық. Сынақ жалпы білім беретін мектептерден 32 оқушыдан алынды. Оқушылардың жасы 8-9 жас, 3 сынып оқушылары. Әдістеменіорындау барысында талдау, жалпылау, салыстыру қабілеттері зерттелді.