Аннотация
Мақалада фольклордан бастау алған лирикалық прозаның ерекшелігі айтылады. Қазіргі қазақ әдебиетіндепрозаның ерекше стильдік түрі –лирикалық прозаға қалам тартқан жазушы –Мархабат Байғұттың ―Әдебиет пәнінің періштесі‖ повесіндегі лирикалық сарын, лирикалық желі мәселесі сӛз болады. Аталған повесті талдау арқылы лирикалық проза автор сомдаған кейіпкерінің жан әлемін ашуда лирикалық қана емес, әңгімелеудің барлық эпикалық тәсілдерін пайдалану мүмкіндігінің кеңдігі, лирикалық прозада бастан-аяқ үзілмей дамып отыратын сюжет кездеспейтіндігі, бірақ кейіпкердің шынайы оқиғасының негізінде лирикалық сарын күшейіп, лирикалық прозаның да бейнелеу құралы жазушының сезімі мен ой толғамы болатыны, лирикалық прозаның эпикалық шығармадан басты айырмашылығы –ойдың талқылауғакӛнбейтіндігі, мұнда бірінші орында семантикалық мән емес, сӛздің әуені тұратыны, сюжет рӛлінің солғындығы секілді негізгі ерекшеліктері нақты мысалдар негізінде ажыратылады.