«БІЛІМ БЕРУДЕГІ АДДИТИВТІТЕХНОЛОГИЯЛАР» ПӘНІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІН ҚҰРУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.86.2.028
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аддитивті технологияларды практикалық қолдану, оқу бағдарламасына енгізу, заманауи технологияларды оқу процесіне интеграциялау мүмкіндіктерін арттырады. Студенттердің теориялық білімді іс жүзінде қолдану, өз жобаларын құру және нақты мәселелерді шешу мүмкіндіктері кеңейеді. Аддитивті технологиялар бойынша оқу курсы студенттерге 3D принтерлерді пайдалану мен модельдеуге байланысты практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Олар цифрлық модельдер жасау, принтерлерді конфигурациялауды, материалдарды таңдау, өңдеу және дайын өнімніңсапасын бақылауды үйренеді. Ғылыми мақаланың мақсаты шетелдік және отандық білім беру мекемелерінде аддитивті технологияларды қолдану тәжірибесін зерттеу, мазмұндарын анықтау. Білім берудегі аддитивті технологиялар пәнінің мазмұндық моделін құру.Мақалада аддитивті технологиялар қарастырылған бакалавр, магистратура бағдарламалары бар университеттердің оқу мазмұнындарына салыстырмалы талдау жасалды. Ғалымдардың білім берудеаддитивтік технологияларды қолдану бойынша зерттеу еңбектері талданды. Сараптамалық талдаулар негізінде 7M01502 -Информатика оқу бағдарламасы бойынша «Білім берудегі аддитивті технологиялар» элективті пәнінің мазмұндық моделі құрылды.