МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.86.2.015
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада оқушылардың функционалдық математикалық және қаржылық сауаттылығын дамытудың өзекті мәселесі ретінде мектеп математика курсындағы тауар бағасының өзгеру пайызын есептеуге арналған тапсырмаларды шешудің тиімді тәсілдері туралы баяндалған. Зерттеудің мақсаты мен әдіс-тәсілдері көрсетіліп, сонымен қатар оқушыларға математикалық білім мен дағдыларды нақты өмірде қолдануға арналған үлгілік тапсырмалар мен бақылауға арналған тапсырмалардың бағалау критерийлері ұсынылған. Берілген тәсілдер арқылы қиындық деңгейі әр түрлі есептердің шешімін оңай, әрі тез табу жолдары қарастырылған. Мұндай өмірлік маңызы бар есептерді шешуге дағдылану тәжірибесі оқушылардың функционалдық, математикалық және қаржылық сауаттылығының дамуына ықпал етеді. Болашақ математика мұғалімдері мен еліміздің педагогтар қауымына математиканы оқыту процесінде функционалдық сауаттылықты дамыту мен бағалау тақырыбы шеңберінде көмекші дидактикалық материал ретінде және бағалау құралы ретінде қолдануға болатындығы айтылады.