INTRODUCTION OF INNOVATIVE COMPOSITE SYSTEMS IN THE FIGHT AGAINST THE FORMATION OF SALT DEPOSITS IN WELLS

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2024.t76.n2.06
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада мұнай өндіру процесінде пайдалану объектілерінде тұз шөгінділерінің пайда болу мәселелері қарастырылған. Ресей, Әзірбайжан және Қазақстанның бірқатар кен орындары бойынша осы проблеманы талдау мысалында бұл мәселе әсіресе ұзақ уақыт бойы игеріліп жатқан кен орындарында қатты байқалатыны көрсетілген. Бұл ретте жоғары тәуекел тобына ОТЭСҚ пайдаланатын ұңғымалар жататыны атап өтіледі. Микробиологиялық процестер күрделі құрамдағы шөгінділердің пайда болуына байланысты мәселені одан әрі қиындатады. Түп маңы аймағында тұздардың түзілу процесінің негізгі себептері және қабаттың сүзусыйымдылық қасиеттерін оңалту бойынша бірқатар геологиялық техникалық шаралардың сәтсіздігі келтірілген. Жүргізілетін геологиялық-техникалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында аммоний хлоридін (NH4Cl) беттік әрекеттік заттармен біріктіріп пайдалану негізінде кенжар маңы аймағын өңдеу технологиясы ұсынылады.Бұл зерттеу жұмысы ең жаңа композициялық жүйелерді қолдана отырып, ұңғымалардағы тұз шөгінділерін жою мәселесіне арналған. Ұңғымалардағы тұзды шөгінділер мұнай-газ өнеркәсібі үшін үлкен проблема болып табылады, өйткені олар ұңғымалардың өнімділігінің төмендеуіне және пайдалану шығындарының жоғарылауына әкелуі мүмкін.Жұмыста тұз шөгінділерінің алдын алуға және жоюға бағытталған әртүрлі әдістер мен технологиялар қарастырылады. Бұл проблемамен тиімді күресуге мүмкіндік беретін инновациялық композициялық жүйелерге ерекше назар аударылады. Жұмыс қолданыстағы әдістергешолу жасауды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдауды және осы мәселені шешудің жаңа тәсілдерін зерттеуді қамтиды.Зерттеу мұнай-газ компаниялары мен ұңғымаларды бұрғылау саласындағы мамандарға тұзды шөгінділермен күресудің ең тиімді шешімдерін таңдауға және ұңғымаларды сенімді және өнімді пайдалануды қамтамасыз етуге көмектесетін маңызды ұсыныстар береді.