ТІЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2024.86.2.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала тілдің әлеуметтік сипаты мен оның принциптерін, сонымен қатар практикалық аспектілерін әлеуметтанулық талдауға арналған. Тілдің әлеуметтік сипаты мәні терең, сан қырлы мәселе болғандықтан, оның принциптері мен теориялық және практикалық аспектілері заманауи әлеуметтану ғылымында жүйелі әрі толыққанды қарастыруды қажет етіп отыр. Осы орайда тілдің әлеуметтік сипаты тіл әлеуметтануының өзекті мәселесі ретінде қарастыру –маңызды мәселе. Сонымен қатар тілдің әлеуметтік сипатының мән-маңызы зерделеніп, теориялық және практикалық аспектілері айқындалады. Кез келген тіл қоғамда, әлеуметтік ортада дамып, жетілетіні белгілі. Қоғамның, әлеуметтік ортаның тілге ықпалы немесе тілдің әлеуметтік ортаға ықпалы, сөзсіз, бір-біріне әсер етіп, қоғамның мазмұндық сипатына, болмысына жан-жақты әсерін тигізеді. Сондықтан тілдің әлеуметтік сипатын тану, негізгі принциптерін айқындау, практикалық аспектілерін зерттеу арқылы тілдің әлеуметтік мазмұны мен әлеуметтік ортадағы қолданыс аясын зерделеуге мүмкіндік аламыз. Мақалада осы мәселелерге ерекше мән берілген. Тіл тарихи-әлеуметтік категория ретінде қоғам дамуының қай кезеңде болса да, өзінің ықпалы мен адамдар санасы мен психологиясына, таным-түсінігіне әсер етіп, дүниетанымын қалыптастырушы әлеуетке ие. Зерттеуде тілдің әлеуметтік сипаты келесідей бағытта: тіл әлеуметтік ортада қалай өмір сүреді, әлеуметтік орта тілді қалай қабылдап, түсінеді деген бағытта өрбіп, аталған мәселелерге әлеуметтанулық тұрғыдан талдау жасалады.