Аннотация
Мақалада халықаралық геоэкономикалық жағдайды және жүк тасымалдау жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, Орталық Азия көлік-транзиттік дәліздерінің даму перспективаларын негіздеу жүргізілді. ҚХР-дан Еуропаға Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүктер көлемінің өсуі транзиттік тасымалдардан түсетін кірістерді жоғарылату және өсіру үшін қосымша мүмкіндіктер туғыза отырып, сонымен бірге инфрақұрылымдық шектеулердің ішкі көлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға әсерін күшейте отырып, қолданыстағы инфрақұрылымға жүктемені арттырады. Тиісті шаралар қолданбай, мультимодальды тасымалдау жүйесіндегі қолданыстағы «кедергілер» және тарифтерді қалыптастыру кезінде икемділіктің жеткіліксіздігі шиеленісіп, көлік-логистикалық әлеуетті дамыту үшін тежегіш факторға айналады.