Аннотация
Жұмыста максималды фотоэлектрлік түрлендіру процесін алу үшін күн панелінің оңтайлы бұрыштары есептелінді. Әдеби дереккөздерді талдау негізінде күн панелінің оңтайлы бұрышын есептеу әдісі таңдалды. Бұл күн панелін дұрыс бағыттауға және оларды белгілі бір аймақта орналастыру үшін күн электр станциясының тиімді жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеулер көрсеткендей, күн тақтайшасын күннің жарығына оңтайлы орналастыру, электр энергиясын өндірудің максималды энергия тиімділігін 25-40 % көтеруге болады. Жұмыста Түркістан облысының мысалында күн панелінің әртүрлі көлбеу бұрыштарын есептеу нәтижелері келтірілген. Есептеулер, зерттелетін аумақта күнді бақылау жүйесі бар күн панельдерін қолдану тиімді екенін көрсетті.