ҚАЗАҚСТАННЫҢСЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНЫҢ РӨЛІ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2024.56.2.007
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада жаһандық және ұлттық экономикадағы өзекті тақырыптардың бірі –мұнай және газ секторын дамыту саясатына арналған. Мұнай мен газ өндірісі –көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстан Республиканың да сыртқы және ішкі саясатының энергетикалық әлеуетінің аса маңызды құралы. Бұл мақалада Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының энергетикалық басым бағыттары мұнай және газ өнеркәсібінің маңызына, құндылығына және рөліне назар аударылады. Ең ірі кен орындары, олар бойынша халықаралық инвестициялық қор және қазіргі уақытта республикадағы мұнай саясатына елеулі ықпал ететін ТҰК саясаты мен маңызды мұнай және газ салаларының ресурстық мүмкіндіктері сарапталады. Сонымен қатар, Қазақстанның энергетикалық ресурстарға тәуелділік контекстіндегі негізгі қиындықтарға тоқталады. Экономиканы әртараптандыру, энергетикалық саладағы инвестициялық әріптестік және мұнай-газ өнімдерінің жаңа нарықтарын іздеу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Қазақстанның экономикасы мен халықаралық қатынастарындағы энергетикалық ресурстардың рөлі талданады, олардың дипломатия және сауда саласындағы стратегиялық шешімдерге ықпалы ашылды. Еліміздің сыртқы саясатын айқындайтын негізгі аспектілер ретінде энергетикалық қауіпсіздік, транзит және экономиканы әртараптандыру мәселелері атап өтілген. Мақалада мұнай және газ ресурстарын өндіру, тасымалдау және экспорттаумен байланысты дипломатиялық қатынастардың негізгі аспектілері қарастырылады.Зерттеу ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету, елдің қауіпсіздігін нығайту және оның жаһандық қоғамдастыққа интеграциялануына ықпал ету үшін мұнай-газ секторын басқарудың тұрақты және инновациялық тәсілдерін әзірлеу және енгізу қажеттілігін көрсетеді. Қазақстанныңэнергетикалық тәуелділік жағдайында тұрған экономикалық және саяси сын-қатерлердің алуан түрлілігі мәселелері атап өтілген. Соңында, мақалада жаһандық энергетикалық динамиканың өзгеруін ескере отырып, экономиканы әртараптандыру және Қазақстанның халықаралық байланыстарын нығайту перспективалары ұсынылған.