1920-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ МЕКТЕПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ҚАЙШЫЛЫҚТАР

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.81.2.009
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада 1920 жылдардағы Семей өңіріндегі кеңестік мектептің қалыптасуы мен даму тарихы қарастырылады. Мақаланыңмақсаты -кеңес үкіметінің алғашқы он жылындағы Семей өңіріндегі мектеп ісінің тарихын зерттеу болып табылады. Қазақстан Республикасының Орталық архивінде және Абай облысының мемлекеттік мұрағатында сақталған материалдардың негізінде Кеңес мемлекетінің қалыптасуының алғашқы кезеңінде өңірдегі мектеп ісін ұйымдастыру мәселелері зерделенді.Мұрағаттық деректерді талдай отырып, халықтық білім берудің қалыптасуының сандық және сапалық көрсеткіштері және өңірдегі мектептер желісінің дамуы талданды. Мақалада қарастырылып отырған уақыт шеңберінде мектеп жасындағы балалардың мектеппен қамтылу пайызы анықталып, мектептер саны мен оқушылар контигентінің өсу-кему динамикасы көрсетілді. Орыс және қазақ мектептерінің даму мысалында мектептегі білім беру жағдайын талдау бойынша жетістіктері мен қайшылықтары анықталды: бірінші және екінші басқыштағы мектептің негізгі сипаттамалары, рөлі мен орны. Өңірде пайда болған жоғары үлгідегі мектептердің маңыздылығы аталып өтілді: жеті жылдық мектеп, шаруа-жастар мектебі (ШЖМ), фабрика-зауыт оқуының мектептері (ФЗО), мектеп-коммуналар. Педагогикалық кадрларды қалыптастырудағы Қазақ педагогикалық техникумының рөлі көрсетілді. Мақалада мемлекеттік халыққа білім беру органдарының мектеп ісін қалыптастыру саласындағы қызметі талданды. Білім беру органдарының мектептерді қаржыландыру статистикасы өңірдегі мектептер желісінің даму тенденциялары келтірілген динамикада көрсетілді.