1987-1988 жж. ҚАЗАҚСТАНДА ӨМІР СҮРЕТІН ЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ САЯСИ-ҚОҒАМДЫҚ ЖАҒДАЙЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.81.2.007
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада 1987-1988 жылдары Қазақстанда өмір сүретін этникалық топтардың саяси-қоғамдық жағдайы, білім алуы және мәдени дамуы қарастырылған. Аталған уақытта еліміздің этникалыққұрамы жағынан көпұлтты болуы және бұл этникалық топтардың мәдени дамуының тұтастығын тәуелсіз Қазақстан біріктіруші болып табылады. Қазақстанда 1987-1988 жж. өмір сүрген этникалық топтардың саяси-қоғамдық жағдайын зерттеу, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның этносаяси және этномәдени тарихын зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақстандаөмір сүретін этникалық топтардың саяси-қоғамдық жағдайы үнемі зерттеуді талап етіп отыратын мәселелердің бірі. Өйткенікөптеген этностар қазақ жеріне саяси қысым, мәжбүрлеу, қуғындау саясаты нәтижесінде қоныстанған. Сол себепті, авторлар мақалада Қазақстанда өмір сүріп жатқан этникалық топтардың саяси-қоғамдық жағдайы туралы дұрыс ғылыми көзқарас қалыптастыру маңызды екендігін алға тартады. Бүгінгі таңда елімізде Кеңестік дәуірден кейін этносаралық тұрақтылықты сақтау мемлекеттің ішкі саясатының маңызды басым бағыттарының бірі болып саналады. Мақалада Қазақстанда өмір сүретін этникалық топтардың саяси-қоғамдық жағдайын қарастыру үшін жекелеген авторлардың еңбектері мен мұрағат құжаттарығылыми айналымға тартылды.