METHOD OF LANGUAGE IMMERSION IN PRESCHOOL ORGANIZATION: FOREIGN EXPERIENCE

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.69927/fzls2847
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада мектепке дейінгі ұйымда тілдік ортаны қалыптастыру, ерте жастан тілге баулу (погружение в язык) мәселесін зерттеу мақсатында әдебиеттерге жалпы шолу ұсынылады. Авторлар мектеп жасына дейінгі балалардың бір тілде (қазақ тілінде) таза сөйлей алмайтыны жиілеп бара жатқанын негізгі мәселе ретінде қарастырады.Авторлар жұмыстағы басты назарды жоғарыда аталған мәселені шешуге тиімді деп «тілдік ортаға баулу» әдістемесіне аударады.Тілдік ортаға баулу әдістемесінің тиімділігі осы тақырып бойынша шетелдік әдебиеттерді шолу нәтижесінде алынған халықаралық инновациялық тәжірибемен негізделген. Авторлар тілдік ортаға баулу әдістемесін кез келген жаста, соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын, грамматикалық дағдыларын және тыңдап түсінуін дамыта отырып, тілді тезірек және тиімді меңгеруге мүмкіндік беретін әдістеме деп қарастырады. Авторлар әдебиеттерге шолу жасай келе мектепке дейінгі ұйымдарда тілдік ортаға баулу бойынша отандық зерттеулердің жеткіліксіздігін және мемлекеттік тілдегі материалдардың аз қамтылғанын анықтап, осы тақырып бойынша зерттеулер жүргізу қажет екенін айтады.Қорытындысындаосы тақырыптағы тәжірибелерге одан әрі зерттеу және талдау жүргізудің маңызды екенін және мектепке дейінгі ұйымдарда тілдік ортаны қалыптастыру бойынша отандық тәжірибелерді дамыту қажеттілігін атайды.