КЕСКІНДІ ӨҢДЕУДЕ ЖИЕКТЕРДІ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-130-1-304-309
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жиекті анықтау әдістерін пайдалану кескінді өңдеудегі маңызды қадам болып табылады. Бұл мақала жиектерді анықтау мақсатында қолданылатын кескінді өңдеу әдістерін зерттеуге арналған. Кескіндердегі жиектерді тиімді шығару үшін әртүрлі өңдеу операторларының салыстырмалы талдауы үшін программалық қосымша құрылды. Қосымша MatLAB программасының көмегімен жүзеге асырылды. Мақалада әрбір өңдеуші оператордың жұмыс істеу принциптері және олардың кескіндердегі жиектер мен шекараларды анықтау мүмкіндігі қарастырылып, сипатталды. Әр әдістің әртүрлі сценарийлердегі тиімділігін көрсететін әртүрлі сападағы кесікіндерге эксперименталды зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері жиектерді өңдеу және алу үшін сегіз оператордың өнімділігін салыстыруға мүмкіндік берді. Нәтижелерді талқылау барысында кескіннің сипаттамаларына және нақты есептерге байланысты әрбір әдістің тәжірибелік қолданылуына баса назар аударылды. Бұл зерттеу маңызды бөлшектер мен құрылымдарды алу арқылы кескінді талдаудың дәлірек және тиімді әдістерін жасау үшін маңызды болмақ. Зерттеу компьютерлік көру, кескінді өңдеу және үлгіні тану салаларында өзекті болып табылады, жиекті анықтау деректерді талдау мен интерпретациялауда жоғары рөл атқарады.