ОЗОНАТОРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН СЫМСЫЗ СЕНСОРЛЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-131-2-187-197
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл ғылыми зерттеу жұмысы озонаторларды басқару жүйелерінің тиімділігін бағалау мен деректерді беру үшін сенсорлық желіні пайдалану тиімділігін зерттейді. Озон әртүрлі қолданбаларда, соның ішінде суды тазарту және қоршаған ортаны қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады. Озонаторды басқаруды оңтайландыру энергия шығыны мен пайдалану шығындарын азайту кезінде қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін өте маңызды. Біз озон деңгейін бақылау және озонаторды басқару жүйелерінің тиімділігін бағалау үшін сенсорлық желіні қолданатын әдістемені ұсынамыз. Сенсорлық желіден жиналған деректер бақылау шараларының тиімділігін бағалау үшін талданады. Нәтижелер тиімділік пен қоршаған ортаға әсерді арттыру үшін озонаторларды басқару стратегияларын жетілдіру туралы түсінік береді. Озонмен суды немесе ауаны зиянды заттектерден залалсыздандыру үрдісінің тиімділігі бірнеше айнымалыларға байланысты: газ концентрациясы, температура және ылғалдылық. Бұл айнымалылар қашықтан бақыланып, жазылғанда, деректердің сенімділік деңгейі мен жұмыс қауіпсіздігі жоғарылайды. Осы мақсатта сенсорлардың сымсыз желілерін пайдалану, артықшылығы бар технологиялық балама болып табылады. Ғылыми жұмыс озонмен ауа немесе суды залалсыздандыру үрдісін бақылау кезінде сенсорлардың сымсыз желісінің конфигурациясындағы деректерді енгізу мен талдауды зерттейді, мұнда маңызды айнымалыларды бақылауға және олардың жазбаларын сақтауға болады. Сонымен қатар, желінің өнімділігін бағалау үшін қабылданған сигнал деңгейінің көрсеткіші тексеріледі. Нәтижелер сымсыз сенсорлар бақылау үрдісін жақсартып қана қоймай, сонымен қатар үрдістің қауіпсіздігіне ықпал ететін қайталанатын жазбаларды жасауға мүмкіндік беретінін көрсетті.