КӘДІМГІ ҮРКЕГҮЛ (FILIPENDULA VULGARIS М.) ЭКСТРАКТЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.56.77.032
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі таңда еліміздің фармацевтикалық нарығын дамыту мақсатында отандық өнімдердің сапасы мен санын арттыру жұмыстары үзіліссіз атқарылуда. Табиғи шикізат өнімдерінен, соның ішінде дәрілік өсімдік шикізаттарын фармацияда қолдану, қойылған міндеттерді атқарады. Соның бірі, кәдімгі үркегүл өсімдік шикізаты – ҚР таулы аймақтарында кеңінен таралған, халық медицинасында белгілі, көптеген фармакологиялық әсерге ие өсімдік. Мақалада ультрадыбыстық және құйынды экстракциялау әдістерімен алынған кәдімгі үркегүлдің (Filipendula vulgaris М.) қою экстрактысын алудың технологиялық параметрлері келтірілген; қою экстракттың компоненттік құрамы анықталған. Масс-спектрометриялық детекторы бар газ хроматографиясы әдісімен химиялық құрамына талдау барасынды ультрадыбыс экстракция әдісімен алынған экстракт құрамында фенолдық қосылыстардың пайыздық мөлшері (28 %) құйынды әдісімен алынған экстрактқа қарағанда жоғары болды (21 %). Фенолды қосылыстардың ең көп пайыздық мөлшері фенол (10,65%), гидрохинон (4,7%), 2-метоксифенол (1,41%), β-Dглюкопиранозид, метил (5,31%), салицил спирті (0,77%) ультрадыбысты экстракция әдісі арқылы алынған экстракттың құрамынан анықталды. Химиялық қосылыстардың фармакологиялық әсері анықталып, тиімді экстракция әдісі таңдап алынды. Нәтижелер осы өсімдікті ғылыми зерттеуге, жаңа дәрілік зат жасау үшін фенолды қосылыстардың мөлшері мен тиімді экстракты әдісін пайдалануға негіз болады.