ҚЫЗЫЛ ТАСПА (POLYGONUM AVICULARE L.) ЭКСТРАКТЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАҚПА МАЙДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҚҰРАМЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.79.33.029
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Дерматология саласындағы мәселелер бүкіл әлемде жиі кездеседі және олардың таралуына әртүрлі факторлар, соның ішінде қоршаған орта жағдайлары әсер етуі мүмкін. Зерттеу деректеріне сәйкес, тері аурулары әлемді алаңдатушы аурулар тізімінде бастапқы орындар қатарында. Қазақстан аумағында өсетін өсімдіктердің ішінде қызыл таспа (Polygonum aviculare L.) өсімдігі биологиялық белсенді заттардың құнды көзі болып табылады. Халық медицинасында асқазан-ішек аурулары және атопиялық дерматит, экзема мен псориаз сиақты аллергиялық тері аруларын, сонымен қатар жара мен жарақатты тез емдеу үшін қолданылады. Осыған сәйкес, Қазақстанда алғаш рет Polygonum aviculare L. дәрілік өсімдігінің экстрактысы негізінде жақпа майды алу және оның сапалық көрсеткіштерін анықтау маңызды болып табылады. ҚР Мемлекеттік фармакопеясының жұмсақ дәрілік түрлерге қойылатын талаптары негізінде қызыл таспа (Polygonum aviculare L.) экстрактысы қосылған жақпа майдың жалпы 8 үлгісі жасалынды. Жақпа майдың сыртқы түрі, біркелкілігі мен биологиялық белсенді заттардың жақпа майдан бөлініп шығуы сиақты сынақтар негізінде №8 үлгісі оңтайлы деп танылды.