ОТБАСЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІН КӨРСЕТУДІҢ ВИЗУАЛДЫ ТӘСІЛДЕРІ:ӨНЕРДІҢ ЖАҢА ҚҰБЫЛЫСЫ РЕТІНДЕ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2024.2-22
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала Қазақстандағы жаңа медиаларда отбасының күнделікті өмірін көрсетудің визуалды тәсілдері мен түрлерін мәдени феномен ретінде зерттеуге арналған. Желідегі коммуникациялар деңгейінің дамуына қарай отбасының күнделікті өмірінің құрылымы пайдаланушының өзін-өзі таныстыруы немесе оның жеке әлемі арқылы жүзеге асырылатыны туралы сөз етіледі. Желідегі кез-келген әрекеттің ашықтығы ғаламтордағы негізгі немесе қосалқының, «мәртебелі» немесе «қарапайым» бұған дейін болған сатылық бөлінуден демек иерархияның жойылуына алып келеді, ресми емес әлемнің шекаралары жойылып, адамның жеке өмірінің кеңістігін көрсету тәсілдері түбегейлі өзгерді. Пайдаланушы желідегі парақшасынан жеке өзінің нұсқасын жасау арқылы, әлеуметтік желілерде өзінің күнделікті өмірінің сырт көзге арналған құрылымын қалыптастырады, бұл ретте әлеуметтік желілердегі визуалды хабарламалардың форматы көпшілік қалайтын адам бейнесі мен әлеуметтік жағынан мақұлданатын мінез-құлық нормаларына негізделеді. Бұл құбылыс қазіргі заманның трендіне айналған. Бұл тенденция тек қана Қазақстанда емес, сонымен қатар шет елдердің де ғаламтор кеңістігіндегі болып жатқан тәжірибе. Қазақстанда өзінді репрезентациялауға арналған кең қолданыстағы желілер-Instagram, You tube екені белгілі. Бұл желіде отбасылық парақшалар да көбейген. Бұл парақшалар отбасы мүшелерінің күнделікті тыныс тіршілігін бейнелейді. Бұл контент болашақта құнды дерек көзге айналуы әбден мүмкін. Мақала дайындау жұмыстары барысында бұндай тәжірибенің ертеңі қандай болмақ, мақсаты мен міндетін түсінуге тырыстық.