БЕНТОНИТ САЗЫН ТАУ-КЕН ӨНДІРІСІНІҢ ШАХТА СУЛАРЫН ТАЗАРТУДАҒЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.2.23-460
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Металлургиялық кәсіпорындардың ағынды суларын тазарту мақсатында Шығыс-Қазақстан облысы Таған кен орнының бентониті зерттелген. Табиғи сорбенттің және оның белсендірілген түрлерінің физика-химиялық сипаттамаларын зерттеу үшін заманауи зерттеу әдістері қолданылған: атомды-абсорбциялық спектрометрия, индуктивті байланысқан плазмамен масс-спектрометрия, полярография және рентгенфлуоресцентті спектрометрия, энергодисперсиондық талдау қосымшасымен электрондық микроскопия. Бентониттің термиялық және термоқышқылдық белсендендірілуі қарастырылған. Белсендендірілген формалардың құрылымы электрондық микроскоп көмегімен анықталған. Табиғи және белсендендірілген түрлерінің микроқұрылымдарын электрондық микроскоппен салыстыру кезінде құрылымының ең көп өзгеруі термоқышқылдық белсендендіру кезінде жүргізілетінін көрсетеді. Бентониттің кеуектілігі артып, беткі қабаты көбірек босайды. Полиметалдық кен орнының ағынды суларын тазатру үшін бентониттің табиғи және белсендендірілген түрлері қолданылған. Осы кезде Cu2+, Pb2+, Cd2+, Zn2+ иондарының ең көп сіңірілуі (94-99,6%) шекті рұқсат етілген концентрацияларға дейін термоқышқылды белсендендірілген бентонитті қолданғанда іске асатыны байқалған. Бұл зерттеу Таған кен орнының термоқышқылды белсендіріліген бентонитін металлургиялық кәсіпорындардың ағынды суларын ауыр металдардан тазартуда қолдануда тиімді екенін көрсетеді.