«Абай жолы» роман-эпопеясындағы бейвербалды амалдардың тақырыптық топтары

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-147-2-97-107
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақ тіл білімінде көркем шығарма тілін стилистикалық тұрғыдан қарастырумен бірге коммуникативтік, танымдық жағынан зерттеу ерекше орын алады. Осы тұрғыдан келгенде жазушы тілінің коммуникативтік табиғатын зерделеу тілдік қатынас мәселесімен тығыз байланысты. Шығарма мәтінінде авторлық нарративте белсенді қолданылатын, кейіпкер портретін тірілтіп,коммуникативтік актіні оқырман үшін тартымды ететін тілдік тәсілдің бірі –бейвербалды амалдар.Мақалада «Абай жолы» роман-эпопеясындағы бейвербалды амалдардыңлексика-семантикалық классификациясы қарастырылды. Зерттеудің мақсаты– көркем мәтін арқылы қазақ халқына тән тілдесімнің көмекші құралдарыныңұлттық ерекшелігін таныту, роман-эпопея тіліндегі қызметін анықтау.Бейвербалды амалдарды роман-эпопеядан жинау барысында жүйелеу, сұрыптаутәсілдері, сондай-ақ мағыналық топтарға жіктеуде типтеу, синтездеу тәсілдеріқолданылды. Бейвербалды компоненттердің мәнмәтіндегі қызметін анықтаудамәнмәтіндік талдау, прагма-стилистикалық талдау әдістері де пайдаланылды.Мақалада паралингвистика бағытындағы алдыңғы зерттеулерге шолу жасалакеле, көркем шығарма тіліндегі параэлементтерді қарастырудың артықшылығы түсіндірілді. Зерттеудің өзектілігі жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы»романындағы бейвербалды компоненттерді алғаш рет зерттеу нысанына алып,коммуникативтік актіде қарастыруынан көрінеді. Зерттеу нәтижесінде шығарманысемантикалық тұрғыдан ұйымдастырып тұрған, қазақ қатысым мәдениетінтанытатын бейвербалды амалдардың алты түрлі лексика-семантикалық тобыанықталды. Мақаланың зерттеу нәтижелері паралингвистика, коммуникативтіклингвистика және лингвокогнитология бағытындағы ізденушілерге тың әріпайдалы ақпарат болмақ.