Киім және әшекей бұйымдарына қатысты кірме атаулар (лингвистикалық корпус деректері бойынша)

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-147-2-138-148
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі киім, әшекей бұйым атауларының қолданысы, стильдік қызметі талданады. Талдауға негіз болған киім, әшекей бұйым атаулары кездесетін мәтіндер «Қазақ тілі ұлттық корпусының кішікорпустар» базасынан алынды. Осы мәтіндерді талдау кезінде қазіргі қазақтіліндегі киім, әшекей бұйым атауларына қатысты кірме сөздер, олардың түрленуі, қазақ тіліне тән қосымшаларды қабылдауы т.б. ерекшеліктеріне линвгистикалық талдау жасалады. Оған қоса, лексикология, оның ішінде кірме сөздерге қатысты зерттеу жүргізген белгілі ғалымдардың тұжырымдары да мақаладан көрініс тапты. Жиналған материалды талдау барысындалексемалардың келесі жиілік парадигмасын қорытындылауға мүмкіндік берді. Әйелдер киімі мен сәніне қатысты атауларды, зергерлік бұйым атауларын тарихи этимология қабаты тұрғысынан қарастыру –бұл атаулардың тарихи қабаттарынанықтауға және тілдің көне тарихынан құнды мағлұмат алуға мүмкіндік. Зерттеубарысында киім атауларына қатысты кірме сөздер жиі кездесетіні анықталды.Тілімізде ағылшын тілінен шыққан киім атаулары да қарқынды қолданысқа еніп жатқандығы байқалады. Ол әсіресе жастар тілінде жиі қолданылатындығы лингвистикалық корпус мәтіндерінде көрініс табады. Тіліміздің лексикалық қабаты сән үлгілері мен бет, шаш күтіміне арналған заттардың және киімдердің жаңа түрі атауларының пайда болуына байланысты ғана емес, сонымен қатар басқа елдерде біраз уақыттан бері сәнге айналған заттардың елімізде қолданысқа еніп, таралуымен толықтырылады. Сәнге байланысты атаулардың қазақ тіліндегібаламасын қолдануды насихаттау керек. Талдауға алынған медиамәтіндер тіліненәйелдердің спорттық киім атауларының басым бөлігі басқа тілден енген сөздерекені анықталды.