Мифтік символдардың көркем мәтіннің танымдық қабатын қалыптастырудағы рөлі

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-147-2-228-237
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада көркем мәтінде қолданыс табатын символдардың мифтік белгілеріне зер салынып, олардың көркем мәтіннің танымдық қабатын қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Көркем мәтін формалықжәне мазмұндық бөліктерден тұратыны белгілі. Мазмұндық бөлік белгілі бір танымдық қабаттарды қалыптастырады. Оқырман көркем мәтінді оқу барысында ақпараттарға қанығып қана қоймайды, қандай да бір танымдық үдеріске жалғанады. Сондықтан көркем мәтінді семиотикалық жүйе деп түсіну мәтін астарындағы танымдық ақапараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай танымдық қабатты қалыптастыруда семиотикалық белгілердің, соныңішінде символдық бейнелеулердің алатын орны ерекше. Сондықтан зерттеужұмысында көркем мәтін құрамында кездесетін мифтік санамен астасып, автортанымымен жалғасқан мифологиялық символдау құбылыстарына зер салынады.Нақтылы көркем әдебиет мәтіндерінен мысалдар келтіріп, зерттеу мақсатынаорай сәйкестендірілді.Зерттеудің мақсаты – көркем мәтіннің танымдық қабатын қалыптастырудағымифтік символдардың рөлін саралау. Ғасырлар бойы қалыптасқан халықтықмифтік ойлау мен мифтік сана деңгейі ұлт қаламгерлерінің көркем ойлау, сөйлеу жүйесіне еніп, көркем мәтіндерден көрініс беріп отырады. Сол себепті көркем мәтін астарындағы, танымдық қабатындағы мифтік символдардың семиотикалық жүйені құруға әсеріне назар салу – мәтінді толық түсінуге, оқырман қабылдауына қалай әсер ететіне талдау жасауға мүмкіндік береді. Зерттеубарысында теориялық жинақтау, саралау, салыстыру әдістерімен семиотикалық,символдық, концептілік, семантикалық талдау әдістері қолданылады. Көркеммәтін құрамындағы мифологиялық кодтарды шешу үшін семиотикалықталдау әдісі көп нәтиже береді. Зерттеу нәтижесінде көркем мәтіннің танымдыққабатын қалыптастырудағы мифтік символдардың маңызы айқындалып, мифтіксимволиканың көркем мәтіннің мазмұндық бөлігіне әсері айқындалады.