Аннотация
Мақала жойылған тілдердің қатарына жататын, әлем тілдерінің тізіміне енбеген хотың тілін зерттеу барысындағы алғашқы кезеңнің нәтижелерін көрсетуге арналған.Зерттеушілер хотыңдарды тек тарихи-этнологиялық тұрғыдан ғана қарастырған.Сондықтан бұл еңбектің ерекшелігі – этностың тілін арнайы зерттеу нысаны етіпалуында.Монғолия елін мекен ететін хотыңдар (Орыс, монғол тілдерінде «хотон» депжазады, ал олардың өзіндік аты – «хотың») этникалық жадын жоғалтпаған: түркітектес екендерін біледі. Соңғы санақ бойынша саны 11000-ға жеткен. Солай болатұра тілдерін жоғалтып алған, әзірше хотың тілінде сөйлейтін адам табылмайтұр. Сөйтсе де жекелеген сөздер халха тіліндегі «говор» сияқты қолданылатыныбайқалады.Қазіргі жалпы тіл білімінде тілдердің тектестігін бағалау үшін «Сводеш тізімімен»бағдарлау жолға қойылған. Сондықтан хотың тілі лексикасының сводештік тізімінжасау міндеті атқарылды. Ал хотың тілінің түркі тіліне жататындығын көрнекідәлелдеу мақсатымен түркітанушы А.В. Дыбоның түркі базистік лексикасынэтимологиялау үшін қолданған стандартты сводештік тізімі пайдаланылды.Хотың тілінің лексика-грамматикалық бірліктерін жүйелеп, тіркеу нәтижесіндеоның түркі тілдерінің қатарындағы орнын, қай топқа жататындығын нақтыанықтау мүмкіндігі бар екені байқалды.