Аннотация
Мақалада детектив жанрындағы көркем шығармалардың тілі,стилистикасы зерттеледі. Зерттеу нысанына қазақ әдебиетінде осы жанрда алғашшығармалар жазған Кемел Тоқаевтың шығармашылығы, оның ішінде «Солдатсоғысқа кетті» романы алынады.Жазушының шытырман хикаялы проза жанрында жазылған шығармаларықазақ әдебиетінде үлкен орын алады.Мақала мақсаты – қазақ детектив жанрындағы тілдік-стильдік ерекшеліктердіанықтау. Осыған орай синонимдердің, антонимдердің, теңеулердің, метафоралармен эпитеттердің қолданысын талдау міндеттері қойылды.Сонымен бірге «Солдат соғысқа кетті» романындағы антонимдердің,синонимдердің түрлері, қолданысы, қызметі, эмоционалды-экспрессивті рөліталданады.Теңеу, метафора, эпитет сияқты троптардың мәтіндегі қолданыстары сипатталып,олардың көркемдік қызметі, жасалу тәсілдері айқындалады.Тілдік айғақтар контекст құрамында беріліп, олардың мәні, мағынасы контекстарқылы ашылып көрсетіледі.Детективтік романдар мәтініндегі синонимдердің, антонимдердің, эпитеттердіңжәне метафоралардың шиеленіс атмосферасын құрудағы, сюжеттік дамудағыжәне кейіпкерлерге мінездеме берудегі рөлін анықтау мақсатында талдаужасалады. Зерттеу стилистикалық талдау әдістеріне негізделген және детективжанрына тән интрига мен жұмбақ әсерге жету үшін автор қолданатыннақты тілдік әдістерге назар аударылады. Зерттеу нәтижелері детективтікшығармалардың лингвистикалық сипатының ерекшеліктерін және олардыңоқырман қабылдауына әсерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.