ГЕОДЕЗИЯДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН АУДАН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРДІҢ ДӘЛДІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2024/39
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада жер беті учаскелерінің шаруашылық міндетіне, қызметіне, пішініне, орналасу жағдайларына және пландық-картографиялық материалдарына байланысты жалпы және жеке бөліктерінің аудандарын анықтау әдістері мен өлшеу дәлдіктері келтірілген. Бұл әдістердің қайсысы болсада қолдану барысында қателіксіз болмайды. Сол қателіктер алынатын нәтижелер мен мәндеріне көп әсер етуіне байланысты зерттеулерді қажет етеді. Көптеген инженерлік есептеулерді шешу үшін карта мен планда аудандарды анықтауда графикалық, аналитикалық және механикалық әдістерді қолданады. Аудандарды анықтау барысында өлшеу элементтері мен олардың өлшену дәлдіктері әртүрлі болады. Сондықтан аудан анықтау кезіндегі қолданылатын әдістер бойынша жіберілетін қателіктер сарапталып, олардың әсерлерін азайту және болдырмау жолдары зерттелген. Жер пайдаланудың мөлшері шаруашылықтың өндірістік қуатына және мамандығына байланысты анықталады. Жобаланған мөлшері тиімді болу керек. Жоғарыда айтылғандай, жер иеленушіліктің және жер пайдаланудың ауданы мен құрамы шаруашылықтың өндірісіне, мамандығына тікелей байланысты. Мысалы, соңғыларға сай олардың талаптарын қанағаттандыратын жер пайдаланудың ауданын табу. Басқаша айтқанда, ол рационалды (ұтымды) болуға тиісті – оған орналастырған ауылшаруашылық мекемесі (серіктестік немесе басқа агроқұрылым) басқаруға ыңғайлы (apa қашықты өтуге өте көп шығын шығармай), шаруашылықтың барлық салаларының табысты дамуына алқаптардың қажетті аудандары мен қатынастарын қамтамасыз ету.