АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖАҢА КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ГЕЛЬДІ МАТЕРИАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2024/13
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Калий полиакрилатынан, вермикомпосттан және құрамында күкірт бар қалдықтардан тұратын қоспаны пайдалану кезінде гельдің түзілу үдерісі назарға алынды. Жұмыстың мақсаты: калий полиакрилатынан, органикалық тыңайтқыш – вермикомпостан және күкірт-перлитті қалдықтан тұратын полимерлі-минералды гидрогельдің сұр топырақтың қасиетіне, өсімдіктердің өсіп-өнуі мен олардың сапалық тазалығына тигізетін әсерін зерттеу. Калий полиакрилатының ісіну үдерісінің кинетикасы зерделеніп, вермикомпост пен құрамында күкірт бар қалдықтың қатысуымен полимердің ісіну дәрежесінің төмендейтіні айқындалды. Зертханалық және далалық тәжірибелердің нәтижелері бойынша қияр, жасыл бұрыш және қызылша өсімдіктерінің өсуі мен дамуына қатысты полимерлік-минералдық гельдің ынталандырушы белсенділігі анықталды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей гель түзетін полимерлі-минералды қоспа ісінудің және кебудің көп реттік циклділігіне ие, биологиялық, атмосфералық және топырақ факторларының әсерлеріне жоғары дәрежеде төтептілік көрсете алады, экологиялық таза және қауіпсіз. Қоспа өсiмдiктердiң өсуi үшiн қажеттi суды, әртүрлi коректік және басқада қасиет көрсететін заттектерді құрылымында ұстап тұру қабiлетiне ие және өз бойынан біртіндеп топырақ ерітіндісіне оларды шығарып отырады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, гидрогелді қолдану жасыл бұрыштың, қиярдың, қызылшаның өнімділігін, тиісінше 21,3, 11,2, 34,6%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, өсірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріндегі нитраттардың құрамы нормативтік көрсеткіштерден төмен, бұл олардың экологиялық тазалығын сипаттайды.