ЖАСТАР ТІЛІНДЕГІ СЛЕНГТЕР МЕН ЖАРГОНДАР

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss2pp31-42
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазақ тіл біліміндегі күрделі мәселелерге жататын тіл экологиясы, тіл тазалығы қарастырылады. Әлеуметтік топтар қолданатын тіл нормаларын бұзушы сөздерді зерттеу мәселенің өзектілігін көрсетеді. Тіл білімі тілді тек қарым-қатынас құралы ғана емес, әр түрлі коммуникативті салалардағы қызметін таным өзегі ретінде қарастырады. Ұлттық тіл арқылы сол халықтың тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру салтымен, ортасымен танысамыз. Тіл мамандары тілді қоғаммен бірлікте қарастырады. Қоғамда орын алып жатқан ахуалдар тілде көрініс табумен қатар, оған өз ықпалын тигізеді. Тіл тазалығын сақтау – өзге тілдің сөздерін, яғни кірме сөздерді бейберекет қолданбау. Тіл білімінде тіл мәдениеті басты назарда болады. Ол әр халықтың мәдени, рухани байлығымен қоса әдеби тілінің деңгейімен байланысты. Тіл мәдениетін дамыту үшін тіл тазалығын, көрнекілігін, дәлдігін басты назарға алу керек. Яғни сөйлеу тілін әдеби нормаға жатпайтын жаргон, сленг, диалект, қарапайым сөздерден тазартуымыз қажет. Сленг және жаргон сөздерді күнделікті өмірде жиі қолданудың әсерінен тіл білімінде өзекті мәселеге айналды. Тіл білімінде бұл мәселені эколингвистика саласы қарастырады.