Жаңартылатын энергия көздерін қолдану тиімділігінің экономикалық аспектілері

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024ec2/129-139
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аңдатпа Мақсаты: Әлемдік кеңістікте қолданылатын әртүрлі баламалы (жаңартылатын) энергия көздерін көрсету. Дәстүрлі энергия көздері қайтымсыз, олардан шығатын шығарындылар планетаның экологиясына едәуір әсер етеді. Баламалы энергия көздеріне келер болсақ олар табиғи түрде жаңартылады және де таусылмайды. Әдістері: сипаттамалық әдіс – баламалы энергия көздері ашылды, олардың әсерінің экономикалық аспектілері зерттелді; аналитикалық әдіс - жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың тиімділігін көрсетеді; салыстыру әдісі - баламалы энергия көздерін енгізудің орындылығы мәселелерін зерттеуге көмектеседі. Нәтижелер: Мақалада энергияның негізгі баламалы көздері көрсетілген, ықтимал экономикалық тәуекелдер және олардың экономикалық тұрақсыздыққа байланысты енгізу мен пайдалануға әсері зерттелген, сонымен қатар олардың жалпы ел экономикасының дамуына әсер ету тиімділігі зерттелген. Қорытынды: Қолданыстағы баламалы энергия көздеріне жүргізілген талдау қолда бар артықшылықтарды сипаттауға мүмкіндік берді. Табиғи пайдалы қазбаларды пайдалану көлемінің төмендеуі, сондай-ақ оларға тәуелділіктің төмендеуі барлаудың және қосымша өндірудің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жаңартылатын энергия субсидиялар, салықтық жеңілдіктер және инвестициялар сияқты қаржылық механизмдерге байланысты. Зерттеу барысында баламалы энергия көздерін шетелде қолдану мәселелері зерттелді. Жаңартылатын энергия көздерін қолданудың әлемдік тәжірибесі экономикалық тұрғыдан қолда бар энергия көздеріне маңызды баламалы (альтернативтік) шешім екенін атап өткіміз келеді. Кілт сөздер: жаңартылатын энергия көздері, экономикалық тиімділік, энергия шығындары, ресурстарды ұтымды пайдалану, «жасыл» экономика, экология, энергия жүйесі, табиғи ресурстар.