ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы визуалды деректеріндегі қазақ отбасы құқығындағы «кеңестік» мәдени кодының қалыптасуының көрінісі

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2024-147-2-9-25
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ отбасы құқығының тарихына арналған. Нақтырақ айтатын болсақ, қазақ тарихындағы өтпелі заман кезеңіндегі отбасы институтына арнайы шығарылған кеңес үкіметініңалғашқы декреттерінің отбасы институтына ықпалы жайлы сөз етіледі. Қазақ қоғамындағы большевиктерге дейін отбасы қатынастарын реттейтін заңдардың жойылуы. Отбасы институтын қадағалайтын кеңестік заңдардың отбасы мүшелеріне деген әсері. Отбасы ұйытқысы - әйел адамның өміріндегі өзгерістер.Полигамды отбасылардың жойылуы. Әйел адамның эмансипациясы. «Бостандық» алған әйелдің өміріндегі жаңа құбылыстар. Үй шаруашылығынан бөлекпайда болған жаңа міндеттер мен қызметтер. Қала әйелі мен ауыл әйелі өміріндегі айырмашылықтар. Мақала барысында жоғарыда айтылған мәселелердіңвизуалды деректердегі көрінісіне талдау жасалды.Зерттеу барысында қарастырылған визуалды деректер негізінде қазақ отбасының көрсетілген уақыт кезінде дәстүр мен модеринизм элеметтеріне талдау,өзгеру динамикасын анықтау, отбасының өзара бірлігі, мүшелерінің қатынасына, гендерлік аспектісіне, отбасының мәселен фотоға түсу үрдісі, мәдениеті. Визуалды деректер негізінде отбасын қоршаған материалдық болмысына сипаттама жасау арқылы кеңестік мәдени кодын анықтауға қадам жасалды. ХХ ғасыр басында Қазақстандағы тарихи, саяси жағдай мен олардың отбасы ұғымынаәсер етуінің визуалды деректеріндегі репрезенциясын анықтауға қадам жасалды. Мақала дайындау кезінде Қазақстан тарихының ХХ ғасыр басындағы тарихыотбасы тарихы арқылы, отбасының визуалды репрезенциясы негізінде, қоғамның негізігі ұяшығы отбасының тыныс тіршілігінің болмысы арқылы көрсетугетырыстық. Отбасылық тарихы бойынша визуалды деректермен жұмыс жасау барысында өңірлік, жергілікті, өлкелік әдістер қолдана отырып қарастырылды.