РЕСЕЙ РЕСМИ ДЕРЕКТЕРІНЕ САЙ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ШАРУАШЫЛЫҚТЫҚ ДАМУ ТАРИХЫ (1901-1917 ЖЖ.)

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2024.v.73.i2.02
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада архив материалдары негізінде ХХ ғасырдың басындағы Ақмола облысының әлеуметтік-шаруашылық даму барысы зерттеліп, талдау жүргізілді. Ғылыми айналымға сол кезеңде шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің түрлері, тасымалдау техникасы, тау-кен өндірісі тауарларының экспорты кезеңдерінің дамуы және Ақмола облысында кен орындарын игеру тарихқа арналған деректер көрсетілген. Мақалада көрсетілгендей, осы аймақтағы белсенді сауда орындары зерттелді, салалық өнімдерге байланысты сатудың әртүрлі түрлері жүйеленіп талданды. Сонымен қатар, зерттелген мұрағаттық құжаттардың негізінде қазақтардың ғана емес, басқа ұлттардың да мал басы, өндірілетін және сатуға шығарылатын өнімдері мен олардың нарықтық құны туралы статистикалық деректер берілді. Облыста ұйымдастырылған жәрмеңкелер мен сауда алаңдары, тауарлардың бағасы нақты мәліметтер негізінде анықталды. Тауар айналымында облыс аумағында өндірілген, сондай-ақ Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орта Азияның әртүрлі өңірлерінен жеткізілетін тауарлардың бірнеше түрлері болды. Мақаланы дайындаудың мақсаты Ақмола өңірі халқының экономикалық әл-ауқатын арттырудың қажетті негізі болып табылатын көптеген кен орындарында өндірілетін пайдалы қазбалардың, атап айтқанда алтын өндірудің алуан түрлілігі мен байлығын көрсету болды. Мұның бәрі аймақ экономикасының дамуына және оның тұрғындарының әл-ауқатының жақсаруына айтарлықтай әсер етті.