ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ: ӨҢІРЛЕР ТҰРҒЫСЫНАН

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2024.v.73.i2.16
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Ғылыми зерттеулер ғылыми сыйымды экономика жағдайында инновациялық жүйенің маңызды буыны ретінде инфрақұрылымды дамыту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстардың негізіне алынған теориялық және практикалық жасақтамаларды әзірлеуден тұрады. Алынған жаңа нәтижелер инновациялық жүйелердің (ұлттық, өңірлік және салалық) түрлері бөлінісінде инновациялық инфрақұрылымды талдауға және авторлардың Қазақстанның ҰИЖ (ұлттық инновациялық жүйе) тұрақты даму мәселелеріне стратегиялық көзқарасы негізінде инновациялық саясатты әзірлеуге мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың теориялық-әдістемелік негіздерін зерделеу және ғылымды сыйымды экономика жағдайында оны дамыту бойынша ғылыми-практикалық ұсыныстарды негіздеу болып табылады. Қойылған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер шешіледі: ғылыми сыйымды экономика жағдайында инновациялық инфрақұрылым ерекшеліктерінің теориялық аспектілерін зерделеу; инновациялық жүйедегі инфрақұрылымдық буындардың жай-күйі мен дамуын бағалаудың әдістемелік негіздерін бағалау; ұлттық, өңірлік және салалық инновациялық жүйелердің жай-күйін олардың инфрақұрылымдарын дамытудың барабарлығы тұрғысынан талдау; экономикалық-математикалық тәсіл әдістерін қолдану негізінде инновациялық қызметті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне баға беру; инновациялық дамудың келешекті стратегиялық бағыттарын әзірлеу және ғылыми сыйымды экономика жағдайында Қазақстанның инновациялық жүйесінің инфрақұрылымдық буындарын қалыптастыру және дамыту жөнінде ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірлеу.