ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59358/ayt.1443369
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазақ және түркі халықтарының бесік жырларына шолу жасалып, түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіндегі бесік жырының тәрбиелік маңызына ғылыми талдау жасалған. Атап айтқанда, қазақ, қарақалпақ, ұйғыр халықтарының бесік жырларынан үзінділер алынып, жалпы түркі халықтарының бесік жырларының өзіндік ерекшеліктері жөнінде кеңінен айтылады және түркі халықтарының отбасында бесік жырларын айту арқылы ана мен бала арасындағы қалыптасатын рухани байланыстарға назар аударылған. Зерттеу барысында фольклортану ғылымында бесік жырын жан-жақты зерттеген іргелі ғалымдар болып табылатын А.Ветухов, М.Элиаш, А.Мартынова, С.Сейфуллин, Ш.Ахметов, Б.Уахатовтардың бесік жырына қатысты зерттеулері негізге алынған. Сондай-ақ, С.Қасиманов, А.Янушкевич, А.В.Затаевич және Н.Боратовтың да бесік жырына қатысты маңызды пікірлері назарға алынған. Қазақ халқымен қатар, түркі халықтарында да бесік жырының маңызды сипатқа ие болуы жыр жолдары мен түркі ғалымдарының пікірлері арқылы дәлелденген. Бесік жыры – бала тәрбиесінің алғашқы әліпбиі, баспалдағы саналады. Бесік жырын айтып, ұрпақты қалыптастыру тек қазақ халқы үшін емес, күллі түркі жұрты үшін маңызды сипатқа ие. Мақала арқылы түркі халықтарындағы бесік жыры табиғатымен таныса отырып, болашақ ұрпақ жөніндегі халық мұратын танимыз, бесік жырының бала тәрбиелеу ісінде үлкен қызмет атқарып келе жатқан балалар фольклорының ерекше арнаулы саласы екендігін ұғынамыз.