Философиядағы ұлттық идея: мәні және құндылықтары

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2024-147-2-196-210
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Кез келген халықта ұлттық идеяның қалыптасуына тарихи, мәдени, рухани, психологиялық және ұлт болмысына тән өзге де факторлар ықпал етеді. Мәдениет пен руханият ұлттық идеяның қайнар көзі ретінде әрқашан халықпен және қоғаммен бірге өмір сүреді. Әр халықта ұлттық идеяның пайда болу және қалыптасу жолы бар әрі ол сол қоғамның дәстүрлі құндылықтары мен ерекшеліктерін көрсетеді. Сондай-ақ философияның іргелі категорияларының бірі саналатын ұлттық идеяның халық мәдениетімен байланысы аса маңызды. Жалпы, әлем елдері мен халықтарында ұлттық идеяның қажеттілігі мен оның мазмұны өте терең болып, ол философиялық құндылықтардың аясында дамыды. Аталған мақалада философиядағы ұлттық идея мен оның мәні және құндылықтары қарастырылады. Ізденісте философиядағы ұлттық идеяны түсінудің әртүрлі тәсілдері талданады, негізгі ағымдары анықталады. Ұлттық идеяның қоғамдық құндылықтар мен дүниетанымның қалыптасуының ықпалына айрықша назар аударылады. Ұлттық идеяның қазіргі қоғамдағы рөлін және оның әлеуметтік-мәдени үдерістерге де әсерін қарастырады. Зерттеу еңбегінің басты ғылыми міндеті – ол кез келген мемлекетте қалыптасқан ұлттық идеяның философиялық категория ретінде қарастырумен сипатталады. Ізденіс арнасының басты мысалы мен объектісі ретінде қазақ халқының ұлттық идеясы мен философиясы таңдап алынған. Осыған орай, қазақ халқының ұлттық идеясы мен оның қалыптасуына тарихи-философиялық тұрғыдан талдау беріледі.