Аннотация
Мақалада электронды коммерцияның инновациялық формадағы бизнес модельдердің дамуына ықпалын айқындайтын маңызды мәселелер қарастырылады. Цифрландырудың қазіргі күндегі өзектілігі барлық сала үшін қоршаған әлемнің нарықтағы өзгермелі жағдайларға тез бейімделудің негізгі жолы ретінде айқындалуымен байланысты. Сондай-ақ, мақалада елімізде цифрлық экономиканың дамуы цифрлық технологияларға негізделген бизнес-модельдер мен өнімдердің жаңа түрлерінің дамуымен де тығыз байланысты болатыны айқындалады. Оны бірқатар авторлардың еңбектеріндегі зерттеулермен анықтайды, атап айтқанда: электронды коммерцияны дамытумен орын алатын инновациялық формадағы бизнес модельдердің қаржылық пайда әкелетіні, бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болатыны, бизнестің әлемдік саудада көшбасшылық позициясын алу мүмкіндігіне ие болатыны туралы мәліметтер де қарастырылады. Электронды коммерцияны жүзеге асыруда мәнге ие «заттар-интернеті», үлкен деректерді талдау және автономды робототехника сияқты Индустрия 4.0-дің озық технологияларын пайдалану маңызды басымдылықтарға ие болып, ол жеткізілім тізбегін басқару моделінің бірізділікпен жүргізілуіне әсер етеді, атап айтқанда, өндірушіден жеткізушіге, дистрибьюторға, тұтынушыға жеткізу және кері қарай жеткізілім тізбегінің барлық буындарында жеткзу. Бұл үрдісті ұйымдастыру инновациялық формадағы бизнес моделді қалыптастыруға себепкер болып, осы орайда, бизнесте ақпараттық интеграцияланған моделді пайдалану және онлайн-платформаны құру мүмкін болады. Өз кезегінде бұл клиенттердің қажеттіліктерін түсінуге негіз болып өнімге деген сұранысты, артыруға бақылауға және нәтижесінде тиісті жарнамалық акциялар өткізуге, сондай-ақ, клиенттік базаны құруға бағытталған стратегияларды қабылдауға көмектесетін көп арналы маркетингтік деректерді талдауды жүзеге асыруда басты басымдылықтар болатыны белгілі. Берілген мақала Индустрия 4.0 технологияларын қолдану цифрлық экономика, трансформация жағдайында маркетингтің дамуына, деректерді талдауға ықпал етеді және онлайн-платформаларда тұтынушылар арасындағы транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықаралық бизнес пен халықаралық электрондық коммерцияның тиімді дамуын қамтамасыз ететін инновациялық бизнес-модельдерді құрудың драйвері болып табылаты айқындалады. The article discusses important issues that determine the impact of e-commerce on the development of business models in an innovative form. The relevance of digitalization today is due to the fact that for the entire industry, the surrounding world is defined as the main way to quickly adapt to changing market conditions. The article also reveals that the development of the digital economy in the country will be closely linked to the development of new types of business models and products based on digital technologies. It is determined by research in the works of a number of authors, namely: data are considered that business models of an innovative form, taking place with the development of e-commerce, bring financial benefits, have the opportunity to form competitive advantages, have the opportunity to take a leading position in world trade. The use of advanced Industry 4.0 technologies such as the Internet of Things, big data analysis and autonomous robotics, which are of great importance for the implementation of e-commerce, has important priorities that affect the consistent management of the supply chain management model, namely: delivery from manufacturer to supplier, distributor, consumer and back in all links supply chains. The organization of this process is the reason for the formation of an innovative business model, while in business it becomes possible to use an information integrated model and create an online platform. In turn, it is known that this will be the main priority when analyzing multi-channel marketing data, which will help to understand customer needs, control demand for products and, as a result, conduct appropriate promotions, as well as adopt strategies aimed at creating a customer base. This article defines that the use of Industry 4.0 technologies contributes to the development of marketing in the digital economy, transformation, data analysis and is a driver for the creation of innovative business models that ensure the security of transactions between consumers on online platforms and the effective development of international business and international e-commerce.