Аннотация
Динамикалық жүйелердің тербелестері негізінен сыртқы және ішкі әсер етуші күштердің негізінде жүйенің еркін және еріксіз тербелістері болып екіге бөлінеді. Негізінен еркіндік дәрежесі бірге тең динамикалық жүйелердің тербелістері жеткілікті зерттелген. Ал, еркіндік дәрежесі жоғары динамикалық жүйелердің тербелістерін математикалық тұрғыда зерттеуде бірқатар қиындықтар бар. Сондықтан мұндай тербелістердің математикалық моделін құру және оны шешу маңызды мәселе болып табылады.