ҚОҒАМДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ПАРАДИГМАСЫНДАҒЫ БАҚЫТ: ТҰЖЫРЫМДАМАЛАУ, ӨЛШЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v99i1.512
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада «бақыт» түсінігін тұжырымдаудың түрлі әдіс-тәсілдері қарастырылады және қоғамның модернизациясы мен прогресінің мақсаттарын әл-ауқатқа бағыттау мәселесі кеңінен талқыланады. Сонымен қатар, бақыт тұжырымдамалары ұсынатын қазіргі әлеуметтік саясатқа арналған теориялық идеялар мен тәжірибелік ұсыныстарды талдауға ерекше назар аударылған. Ұлттық және шетелдік тәжірибеде бақытты талдаудың негізі бола алатын индекстік және сауалнамалық бағалау арқылы бақытты өлшеудің әдіснамалық және әдістемелік аспектілері сипатталады. Дүниежүзілік бақыт дерекқорынан алынған мәліметтерді, сондай-ақ ҚР Ұлттық статистика бюросы мен ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты жүргізген 2021-2022 жылдардағы жаппай сауалнамаларының деректерін пайдалана отырып, Қазақстан мысалында бақыт деңгейі мен әртүрлі әлеуметтік көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс көрсетілген. Қазақстандағы бақыт зерттеулерінің маңыздылығы елдің модернизациялық даму тұрғысынан негізделеді.