ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДӘРІЛІК ПІШЕНДІ БОЙДАНА (TRIGONELLA FOENUM-GRAECUM L.) ӨСІМДІГІН МӘДЕНИ ӨСІРУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.12.80.032
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Trigonella foenum-graecum L. өсімдігін Түркістан облысы Қасқасу және Ынтымақ учаскелерінің климаттық жағдайларында ашық далада өсіру нәтижелері сипатталған. Пішенді бойдана өсімдігі дамудың толық циклынан өтті: олар генеративті кезеңге жетті, жеміс берді және өміршең тұқымдар берді. Зерттеудің мақсаты. Түркістан облысы Қасқасу және Ынтымақ учаскелерінде пішенді бойдананы (Trigonella foenum-graecum L.) мәдени өсіру мүмкіндігін зерттеу, өсіру технологиясының элементтерін әзірлеу, сапалы тұқымдар алу және салыстырмалы тәжірибе жүргізу. Материалдар мен әдістер. Зерттеу нысаны ретінде 2023 жылы Түркістан облысында «Индия» сортының тұқымдарынан егілген пішенді бойдана (Trigonella foenum-graecum L.) өсімдігі алынды. Егу жұмыстары 2023 жылдың 24 сәуірінде Ынтымақ учаскесінде және 6 маусымында Қасқасу учаскесінде жүргізілді. Дамудың фенологиялық ерекшеліктері бір вегетациялық маусымда бақылау әдісімен зерттелді. Нәтижелер мен талқылаулар. Алғашқы өскіндер Ынтымақ учаскесінде 15 күннен кейін Қасқасу учаскесінде 8 күнде шықты. Бутонизацияның жаппай басталуы еккеннен соң 3-4 аптадан соң, гүлдеу 4 аптадан соң басталды. Жемістің жетілуі, толық жетілуі және вегетация соңы жалпы Ынтымақ учаскесінде 2-2,5 және Қасқасу учаскесінде 4 айға жуық уақытты алды. Trigonella foenum-graecum L. дәрілік өсімдігін Түркістан облысы Қасқасу және Ынтымақ учаскелерінің климаттық жағдайларында өсіру мүмкін екендігі анықталды.