КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯНЫ ШУНТТАУ ОТАСЫНАН КЕЙІН ТІК ІШЕК АУРУЛАРЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕМІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.52.67.019
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Барлығымызға белгілі, жыл сайын кардиохирургиялық операциялар саны артып келеді. Коронарлық тамырларды тігудің техникалық жақтары бүгінгі күні жақсы дамығанын білеміз, бірақ осы кардиохирургиялық операцияларға тікелей байланысты жоқ асқынулардың пайда болуы мен диагностикасындағы проблемалары өзекті мәселенің бірі болып отыр. Бұл асқынулардың даму патогенезінде аорта-мезентериялық бассейндегі қан айналым іркілісі мен ішкі ағзалардың ишемиясы жатыр. Ал, жүйелі қабыну реакциясы синдромының қозуы аурудың ағымын ауырлатады. Көбінесе бұл патологиялық өзгерістер жүрек операцияларында байқалады және іш қуысы мен ми, жүрек, өкпе мүшелерінің функциясының қосымша бұзылуына ықпал етеді. Нәтижесінде өмірлік маңызы жоғары ағзалардың қызметтік жеткіліксіздігі дамып, өлім көрсеткішіне әкелуі мүмкін. Тәуекел факторларын анықтау және осындай асқынулардың алдын алуға бағытталған тиімді терапия жүргізу, осы науқастарды емдеудің міндетті бөлігі болуы керек. Шешілмеген проблемаларды ескере отырып, жасанды қан айналым жағдайында жасалған коронарлық артерияларды шунттау (КШ операцияларынан кейін туындайтын тік ішек ауруының өршуінің даму қаупін анықтау және жиілігін зерттеу бойынша зерттеулер жүргізу орынды болып көрінеді. Тік ішек аурулары бар науқастарға профилактикалық емдеуді қолдану, аурудың өршуіне және олардың асқынуына жол бермейді. Жалпы, 2023 жылы жасанды қан айналым жағдайында жасалған коронарлық артерияларды шунттау операцияларынан кейін 32 науқасқа тік ішек ауруларының өршуі диагнозы қойылды.