2020-2021 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ИНДИКАТОРЛАР БЛОГЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/xdgz6997
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Энергетикалық Трилемма келесі көрсеткіштерді де қамтиды: энергияға әділ қол жеткізу және экологиялық тұрақтылық. Электр энергиясымен қамтамасыз ету блогы бойынша энергетикалық қауіпсіздікті талдамалық зерттеу индикативтік талдау әдісімен жүргізілді, бұл ретте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің және басқа да мемлекеттік органдардың 2020 және 2021 жылдардағы ресми статистикалық деректері пайдаланылды. Электр энергетикалық қауіпсіздік индикаторларының жиынтық көрсеткіштері бойынша тек үш облыс қалыпты аймақта орналасқан; алдыңғы зерттеулер көрсеткендей, бұл жағдай көптеген жылдар бойы қайталанып келеді. Меншікті электр энергиясы көздерінің үлесінің индикаторы бойынша 14 облыстың қалыпты аймақта 7 - і; қалыпты жағдайда электр энергиясын өндірудегі өңірдің үлесінің индикаторы бойынша – 7 өңір; адам саны энергиясын тұтыну индикаторы бойынша – 8. Алғашқы екі индикатор энергетикалық Трилемма индексінің бірінші компонентін бағалауға мүмкіндік береді; үшінші индикатор Трилемма индексінің екінші бағытын бағалауға қызмет етеді. Электр энергетикасы қауіпсіздігіне жүргізілген талдау мен есептеулер атом электр станциясын салу, жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту және реконструкциялау қажеттігін растайды. Табиғи газды, атом энергиясын қазбалы қатты отынның, баламалы және жаңартылатын энергия көздерінің орнына қолдану парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді Кілтті сөздер: энергетикалық қауіпсіздік, энергетикалық қауіпсіздіктің индикаторлары, меншікті көздердің үлесі, электр энергиясын өндіру, энергетикалық трилемма.