ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРТ-МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v9i1.709
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аңдатпа. Арт-менеджмент мәдениет нарығындағы жаңа салалардың бірі және бірегейі. Олардың заманауи қоғамда алатын орны мен өнер кеңістігінде қалыптасып үлгерген ғылыми келбеті, өзге соған ұқсас салалардан өзгешелігі мен ерекшеліктері, тәжірибесі мен даму тарихы толық зерттеліп біткен жоқ. Кез-келген мемлекетте арт-менеджмент әлеуметтік өмірдің бір құрамдас бөлігі ретінде өнер мен талантты орындаушылардың туындыларына құмар халықтың күнделікті өмірінде қатар өмір сүреді. Арт-менеджментті жеке мәдени кеңістікті құруға және ұлттық бірегейлікті сақтауға жауапты мәдени фермент немесе стратегиялық даму жоспарының құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады, оның дамуына мемлекет тарапынан барынша назар аудара отырып, көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Оның потенциалы мен келешекте қалай дамитындығын өлшеп зерттей алатын елімізде әлеуметтік технологиялар жоқ десек те болады. Бірақ әлемдік тәжірибені пайдалану бізге жаңа ғылымды түсінуге және меңгеруге оңтайлы мүмкіндіктер береді. Өнер және арт-менеджмент саласында отандық өнімдердің санының артуы біздің дамуымызға әсте септігін тигізеді. Әлемнің озық мемлекеттерімен тәжірибе алмасу барысында біз өзімізге қажетті үлкен қабілеттерге ие болып, арт-менеджменттің жаңа қырларымен танысып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Зерттеудің мақсаты – отандық арт-менеджмент аясында өзін-өзі дамыту кеңістігін жан-жақты талдау. Зерттеу барысында авторлар талдау, синтез, case study, салыстырмалы зерттеу, талдау, бақылау, бинарлы талдау, кросс-темпоральды әдіс, салыстыру әдістерін пайдаланды. Шетелдік арт-менеджменттің пайда болу кезеңдері мен оның жаһандық дамуы, сондай-ақ кеңестік кезеңдегі қазақ арт-менеджменті мен қазіргі отандық индустрия арасындағы салыстырмалы талдаулар берілген. Қазақстандық арт-менеджмент индустриясының даму деңгейіне туралы қорытынды жасалып және одан әрі даму бағыты айқындалды. Отандық ғылыми әдебиеттерде арт-менеджмент саласы аз зерттелгендіктен, бұл мақала зерттеудің осы бағытына қосқан үлем болып табылады.