АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ӘДЕБИ ЛАНДШАФТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТҰРМЫС САЛТЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2024.1-11
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Абайдың философиялық көзқарастары мен көркем ойларына өзін қоршаған орта мен өмір сүрген мекенінің әсері, оның шығармаларында табиғат пейзажының көрініс табуы, тұтас әдеби ландшафт аллеясының жасалуы қарастырылған. Пейзаж, табиғат және әсемдік құбылыстарының арақатынасына назар аударылып, Абайдың туған жерінің орналасу масштабы және ғалымдардың идеялары зерделенген. Ландшафт пен суретшіні байланыстыра зерттеу арқылы өнер иесінің жоғары қабілеттілік деңгейі мен кең ауқымды білімі айқындалған. Хакім Абайдың қоршаған ортамен байланыстыра адами болмыстың ерекшеліктерін танытқан дүниетаным көкжиегі сипатталады. Абай поэзиясындағы ландшафттар көрінісі – ақын шеберлігінің көрсеткіші. Сонымен қатар, мақалада әдебиеттегі ландшафттар әдеби және географиялық кеңістіктердің өзара әрекеттесу нәтижесінде қалыптасу түрлері, яғни мағыналық жағынан аймақтық және жеке әдеби ландшафттардың ерекшелік түрлері сипатталған. Абай өлеңдеріндегі әдеби ландшафттар ұлттық әдеби-географиялық және образдың әдеби-географиялық кеңістіктің локусы тұрғысынан қарастырыла сараланған. Теориялық негіздеме әдеби ландшафтты құруда эмоциялардың қозғаушы күш ретіндегі маңыздылығын және ландшафтты «бір жердегі» нәрсе емес, адамның ішкі ойын мен жан дүниесін танытатын құбылыс ретінде түсіну қажеттілігін көрсетеді. Абай поэзиясындағы табиғат және әлеуметтік тақырыбындағы өлеңдерін ландшафт аясында зерттеуде компаративистикалық, салыстырмалы-тарихи тәсіл және герменевтикалық талдау әдістері қолданылды.