ЖҰМАҚЫН ҚАЙРАМБАЕВТЫҢ БҮГІНГІ ҚАЗАҚ КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ «IZDERI»

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2024.1-25
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада бүгінгі қазақ бейнелеу өнерінің көшбасын бастаған дара тұлғалардың бірі – Жұмақын Қайрамбаев пен оның шәкірттерінің шығармашылығы жан-жақты зерттелген. Ж.Қайрамбаев еліміздің тәуілсіздік жылдарындағы кескіндеменің дамуына зор үлесін қосқан, өзіндік дара қолтаңбасын қалыптастырған, қырық жылға жуық педагогикалық қызметінде бүгінгі қазақ кескіндемесінде заманауи мәнерімен, тың ізденістерімен көзге түсіп жүрген бір топ ізденімпаз суретшілердің бірнеше буынын тәрбиелеген суретші. Ол соңғы жиырма жылда өзінің кәсіби шығармашылығы мен педагогикалық қызметін сабақтастыра отырып шәкірттерімен бірге «IZDER» атты 4 көрме ұйымдастырды. Аталған көрмелердің барлығы көрермен тарапынан үлкен қолдау тауып, қоғамның аса өзекті мәселелерін өнердің көркемдік тілінде шебер жеткізе білді. Қайрамбаева Дарья, Хасенов Әшім, Үмбетова Құралай, Даубай Ұлан, Абутәліп Ерназар, Омархан Құмар, Нұрахмет Нұрбол, Орақбай Алмас, Әсемқұл Бейбіт, Аубакир Анар, Чукитаева Зарина, Нұрғожа Алмас, Сейсенханұлы Бақыт, Қабөке Оралбек, Сағындық Мөлдір сынды осы көрмеге қатысқан шәкірттері қазіргі таңда отандық кескіндемедегі шығармашылығы сұранысқа ие белсенді әрі ұстаздықты серік еткен жас суретшілер ретінде белгілі. Шәкірт тәрбиелеу арқылы өзіндік көркемдік ізденістерінің дара ізін айқындайтын мектеп қалыптастырып үлгерген суретші әрбір шәкіртінің өзіндік көркемдік бағытын, қолтаңбасын, ерекшелігі мен мәнерін ұштап шыңдай түскен. Әсіресе соңғы көрмеге қойылған жұмыстардан ұстаз бен шәкір арасындағы рухани сабақтастықпен қатар шәкірттің ұстазға, ұстаздың шәкіртіне деген үлкен құрметі көрмеге қойылған жұмыстардың әрқайсысының жеке даралығы, авторлық ерекшеліктері арқылы аңғарылды.