MILK COMPOSITION, TECHNOLOGICAL PROPERTIES AND PRODUCTION OF DAIRY PRODUCTS OF GOATS OF THE DAIRY DIRECTION

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2024.v68.i1.138
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада ешкі сүтінің адам ағзасы үшін маңыздылығы мен ешкі сүтінің технологиялық қасиеттері туралы зерттеу нәтижелері келтірілген. Ешкі сүтін сиыр сүтімен салыстырғанда бірнеше ерекшеліктері бар. Ешкі сүтінің ақуызы мен майының молекулалық құрылымына байланысты адам ағзасында оңай сіңіріледі. Ішкенде аллергиялық реакцияларды және асқазан-ішек жүйесінде жағымсыз әсер қалдырмайды. Көптеген көрсеткіштері бойынша ешкі сүті ана сүтіне жақын деп есептеледі, сондықтан басқа сүт түрлеріне қарағанда жиірек ана сүтін алмастыруда қолданылады. Жыл бойы табиғи өсімдіктердің көп мөлшерін тұтынатын ешкілер сүт өндіреді, оны нақты «қазына» деп атауға болады, және оның компоненттері нәрестелер мен жас балалардың денсаулығын нығайту үшін пайдалы болуы мүмкін, бұл ежелден бері байқалған. Ешкі сүтінің майы мен ақуыздық құрамы өзгеше болады, сондықтан адамның ағзасына өте жақсы сіңіріледі. Сонымен бірге биологиялық және гипоаллергендік құрамы да ерекше. Сондықтан да жоғары технологиялық азық-түліктер ішінде ешкі сүті және одан жасалған тағамдар халықты тиімді, толыққанды дұрыс тамақтанумен қамтамасыз етеді. Қазақстандағы сүтті ешкі шаруашылығындағы ең көп таралған ешкі тұқымдарының бірі Заанен тұқымы, сонымен қатар кейбір шаруашылықтарда Альпі тұқымы өсіріледі. Аталған тұқымдардың ешкілері өнімділік көрсеткіштері мен сүтінің құрамы бойынша біршама ерекше болғандықтан, оларды белгілі бір мақсатта тиімді пайдалану үшін зерттеу жұмыстарын жасадық. Біздің зерттеуіміз Заанен және Альпі сүтті ешкі тұқымдарының сүт өнімділігі және олардың сүтінің құрамы мен технологиялық қасиеттерін зерттеу болып табылады. Соның ішінде Заанен, Альпі сүтті ешкі тұқымдарының сүт өнімділігін анықтау, сүтінің физика-химиялық көрсеткіштерін зерттеу, сүзбе өндіру кезінде аталған сүтті ешкі тұқымдарының сүтінің технологиялық қасиеттеріне салыстырмалы бағалау жүргізілді.