ТҮРКІЛІК ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫ КОСМОГОНИЯЛЫҚ ТӘҢІРІ АТАУЫНЫҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59182/tudad.1409659
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

: Мақалада тарихи сөздіктердің негізінде түркі тектес халықтар тіліндегі космонимдік тәңірі атауы және оның мағынасы туралы талдаулар сараланып, лескикалық, семантикалық сипаты қарастырылады. Аспан денелері атауларының тілдік және танымдық ерекшелігін айқындау, этнолингвистикалық және когнитивтік мәнін ашу арқылы сол кездегі халықтың дүниетанымы суреттеледі. Салыстыру барысында Түркі тілдерінің тарихын зерттеудің аса маңызды көздері негізге алынды – Орхон-Енисей, көне ұйғыр жазба ескерткіштері, ортағасырлық араб, парсы, түркі ғалымдарының еңбектері және ХҮІІІ ғасырдан бергі Батыс Еуропа мен орыс ғалымдары зерттеулері. Бұл еңбектердегі космонимдердің тілдік және танымдық ерекшелігін айқындаудың маңызы зор. Бұл ең алдымен космонимдік атаулардың этнолингвистикалық және когнитивтік мәнін ашуға көмектеседі деп пайымдауға толық мүмкіндік береді. Жалпы тіларалық байланыс мәселесінің лингвистер тарапынан зерттеле бастағанына 200 жылдан астам уақыт өтіпті. Осы уақыт ішінде бұл мәселе жан-жақты тексеріліп, оның неше алуан құбылыстары мен түрлері тиісті теориялық шешімін тапқаны мәлім. Алайда, әрбір халықтың өзіндік тарихи даму жолу, басқа халықтармен араласу сипаты, өзіне ғана тән ерекшеліктерідің болатынына байланысты, бұл мәселені нақтылы тарихи лингвистикалық деректер негізінде зерттеуді талап етеді. Сондықтан мақалада түркі тілдері арасында – Алла, Құдай, Тәңірі деген үш атау да бір ғана жаратушы ұлы күш деген ұғымды білдіретін космогониялық Тәңірі атауына лексика грамматикалық талдау жасалды.