ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНКЛЮЗИЯ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/haka9086
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қаржылық инклюзия экономикалық өсуге, жұмыс орындарын құруға және дамуға ықпал ететін фактор болып табылады. Қаржылық қызметтерге қол жеткізу және оларды пайдалану отбасылар мен шағын бизнес иелеріне табыс табуға, тұрақты емес ақша ағындарын басқаруға, мүмкіндіктерге инвестиция салуға, экономикалық құлдырауға төзімділікті арттыруға және кедейлік жағдайынан шығуға көмектеседі. Цифрландыру өз кезегінде қаржылық процестерді жақсарту және жеңілдету үшін цифрлық технологияларды пайдалануды білдіреді. Цифрландыру жағдайында экономиканың даму үрдісі қаржылық қызметтердің онлайн-платформалар мен мобильді қосымшалар арқылы қол жетімді болуында. Бұл көптеген адамдарға дәстүрлі банктік қызметтерге қол жеткізе алмаса да, қаржылық қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Цифрландыру сонымен қатар операцияларды орындауға кететін шығындар мен уақытты азайту арқылы қаржылық қызметтердің тиімділігі мен ыңғайлылығын жақсартады. Мақалада қаржылық инклюзияны дамытудың қазіргі жағдайы қарастырылды. Банк саласындағы цифрлық қаржыландырудың даму жағдайы зерделенді. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ деректері бойынша Қазақстандағы қаржы нарықтарындағы ағымдағы жағдайы талданды. Сондай-ақ, еліміздегі қаржылық инклюзия жағдайы, мүмкіндігі шектеулі жандардың қаржыға қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы бизнестің әртүрлі санаттарына арналған қаржылық қызметтер мен өнімдермен қамтамасыз етуді ынталандыру және дамыту мәселесі ұсынылады. Кілтті сөздер: қаржылық инклюзия, цифрлық қаржы, цифрлық технологиялар, қаржылық қызметтер, цифрлық банк.