ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/pehc6778
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Әлеуметтік кәсіпкерлік 2 жыл ішінде өзін қоғамның өзекті мәселелерін шешудің өте тиімді тетігі ретінде көрсете алған кәсіпкерлік қызметтің жаңа түрі. Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл әлеуметтік мәселелерді шешуге және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған кәсіпкерлік қызметі. Соңғы жылдары бұл бағыт танымалдылыққа ие бола бастады, себебі ол коммерциялық табыс пен әлеуметтік маңыздылықты біріктірді. Әлеуметтік кәсіпкерлік мемлекетке тиімді, ол бюджет шығынын қысқартып, салмақты міндеттерді шешуге көмектеседі. Бұл мақалада әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі аспектілері, әлеуметтік кәсіпкерлердің санаттары, қаржылық мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау жөніндегі іс-шаралары қарастырылды. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау халықтың осал топтарын жұмысқа орналастыру мәселесін жанама түрде шешуге, сондай-ақ әлеуметтік-бағдарланған өндіріс нарығы мен қызмет көрсету саласын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді. Мақалада еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыру, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік мәселелерін тиімді шешу мақсатында Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау және одан әрі дамыту үшін ұсынымдар беріледі. Жалпы, әлеуметтік кәсіпкерлік әлеуметтік мәселелерді шешуде және тұрақты және әділ қоғам құруда маңызды рөл атқарады. Кілтті сөздер: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, критерий, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіпкер, мемлекеттік қолдау.