ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ КЛАСТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІНДЕ ӨҢІРЛЕРДІҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/yotk1938
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасы өңірлерінде құрылыс материалдары кластерлерін қалыптастыру арқылы аймақтық тұрғын үй инфрақұрылымын экономикалық дамыту ерекшеліктеріне сипаттама беріледі және талдау жасалады. Зерттеу барысында құрылыс материалдары кластері мен аймақтық тұрғын үй инфрақұрылымын дамытудың экономикалық тиімділігі арасындағы байланысқа бағытталған зерттеулердің жетіспеушілігі анықталды. Осыған байланысты жетіспеушіліктің орнын құрылыс материалдары өнімдерін өндірудің едәуір көлемі шоғырланған ел ретінде Қазақстан өңірлері мысалында толықтыруға деген ғылыми қызығушылық арта түсетіні сөзсіз. Бұл мақаланың зерттеу мақсаты болып өңір экономикасы мысалында аймақтық тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету үшін кластерлік бастамалар жүйесін енгізудің экономикалық тиімділігіне байланысты мәселелерді анықтау және оны пайдаланудың артықшылықтарын негіздеу табылады. Зерттеу құрылымы құрылыс материалдарының өндірісі саласын кластерлік дамытудың графикалық модельдерін және Қазақстандағы нарықтық жағдайларды көрсететін олармен байланысты проблемалардың типологиясын қамтиды. Зерттеу нәтижелері құрылыс материалдарының өндірісі саласының және тұтастай құрылыс индустриясының аймақтық даму стратегияларында кластерлік модельді пайдалану мүмкіндіктерін көрсетеді және тұрғын үй мәселелері мен қалалық инфрақұрылымды экономикалық дамыту сияқты бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешу үшін кластерлеу жүйесін енгізудің маңыздылығын дәлелдейді. Кілтті сөздер: құрылыс материалдары кластерлері; кластерлер; кластерлеу әлеуеті; өңірлік экономикаларды кластерлеу; тұрғын үй инфрақұрылымы; өңірлік даму.