ЖЕР РЕСУРСТАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ МАРКЕТИНГТІК АСПЕКТІЛЕРІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/1-2024/27
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарды дамыту, оның әлеуметтік қайта бағдарлануы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар жоспарларының орталығына адамның қажеттіліктері мен мүдделерінің алуан түрлілігін қояды. Бұл халықты тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз етуді жақсартуға күш-жігердің шоғырлануынан көрінеді. Ел экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі қызмет көрсету саласын кеңейту болып табылады. Қызмет көрсету саласы-әлеуметтік өндіріс жүйесіндегі функционалдық мақсаты халық үшін қызметтер мен рухани игіліктерді өндіру мен сатуда көрініс табатын салалар мен қызмет түрлерінің жиынтығы. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» Қазақстан халқына Жолдауында «...Қазіргі дәуірде кез-келген прогрессивті ел үшін бәсекеге қабілетті және еркін бұқаралық ақпарат құралдарының болуы өте маңызды» деп атап өтілді. (2022 ж.) [1] Сонымен қатар, жерге орналастыру және кадастрлық қызметтер жүйесінде маркетингтік басқарудың жеткіліксіз деңгейі байқалады, дамудың стратегиялық бағыттарын таңдау мен негіздеуге кешенді көзқарас, жер ресурстары нарығының талаптарына жауап беретін маркетингтік стратегияларды әзірлеу әдістемесі жоқ.