АСҚАБАҚ НЕГІЗІНДЕ СҮТҚЫШҚЫЛДЫ ӨНІМДІ β-КАРОТИНМЕН БАЙЫТУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.22-265
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеулерінің мақсаты өсімдік құрамындағы изопреноидты көмірсутектер - β-каротинді қосылыстармен азық – түлік өнімдерін байыту арқылы жаңа тағамдық сүтқышқылды өнім алу технологиясына негізделген. Жұмыста қышқылсүт өнімдерінің ассортиментін дамытудың перспективалық бағыттарының бірі өсімдік ресурсынан алынған нутриеттермен байыту. Осы тұрғыда сүтқышқылды өнімді асқабақпен байыту, оның құрамдық заты - β-каротиндердің көп болуы жаңа алынатын өнімнің физиологиялық қасиеті мен тағамдық құндылығын арттыруға зор мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар өсімдік толтырғыштарын дайындау тәсілдерін анықтау - сүзбе десертіне арналған шикізатты, өсімдік компоненттерін іріктеу қарастырылды. Сүзбе десертінің микробиологиялық көрсеткіштері, тағамдық және биологиялық құндылығы зерттелді. Полизакваскадағы микроорганизмдердің ара–қатынасы қарастырылды. Асқабақ және асқабақ дәні қосылған сүзбе өнімінің органолептикалық, физика-химиялық көрсеткіштерінің пайыздық мөлшері анықталды. Өсімдік сүзбе десертіндегі витаминдік, аминқышқылдық және минералдық құрамдары зерттеледі. Асқабақ пюресі мен асқабақ тұқымынан толтырғышы бар әзірленген сүзбе десерті мен асқабақ тұқымдарын сақтаудың оңтайлы мерзімдері белгіленді. Зерттеу идеясының жаңалығы халықты табиғи байытылған функционалдық өніммен қамтамасыз етуді ұсынуда асқабақ езбесі қосылған жаңа β-каротинге бай сүтқышқылды өнімі алынды.